Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөл жағалауында полицейлер жоғалған телефонды иесіне қайтарды

Алакөл жағалауында полицейлер жоғалған телефонды иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алакөл көлінің жағалауында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын туристік полиция қызметкерлері кезекті рет кәсіби шеберліктері мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде азаматқа жоғалтқан ұялы телефонын табуға көмектесті.

Демалушы азамат полицияға өзінің жеке ұялы телефоны жоғалғаны туралы хабарлаған. Ақпаратты алған сәттен бастап туристік полиция жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде жоғалған құрылғының орнын анықтап, иесіне қайтарып берді.

Турист полицейлердің нақты, шапшаң және кәсіби іс-әрекеттеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Жазғы демалыс маусымы басталғалы бері туристік полиция қызметкерлері Алакөл жағалауында ондаған демалушыға жоғалған заттарын табуға, тұрмыстық және құқықтық сипаттағы түрлі мәселелерді шешуге қолдау көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда туристік полицияның қызметі күшейтілген режимде жалғасып, азаматтардың жаппай демалатын аймақтарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру