Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөлде балалардың жоғалу жағдайлары жиілеп кетті – туристік полиция қырағылыққа шақырады

Абай облысындағы Алакөлде 120-дан астам баланың жоғалу дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік маусым басталғалы бері кішкентай балалардың жоғалуына қатысты 120-дан астам өтініш тіркелді. Әсіресе демалушылар көп шоғырланған орталық Арбат аумағында ата-аналар балаларына бір сәт назар аудармай қалғанда, олар көзден таса болып кетуде.

Туристік полиция қызметкерлері барлық жағдайда шұғыл әрекет етіп, балаларды дер кезінде тауып, аман-есен ата-аналарына қайтарды.

Құзырлы орган өкілдері балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін ескертеді. Мұндай сәттерде уақытты жоғалтпай, бірден хабар беру — қауіпсіздіктің басты кепілі.

Туристік полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын жерлерде балаларына мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды қатаң түрде ұсынады. Жауапкершілік пен сақтық – баланың амандығына апарар жол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру