Алаяқ әйел туысының атына екі несие ресімдеген
Қызылордада бұрынғы жеңгесі қайнысының атына екі несие ресімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны қалалық Полиция басқармасына хабарласып, 2018 жылдың қараша айында оның жеке куәлігі мен банк карточкасын пайдаланып, ақпараттық технологиялардың көмегімен микрокредиттік ұйымдардан оның атына екі несие ресімдеген бұрынғы жеңгесіне қатысты шара қолдану туралы арызданған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, басқарма тергеушісі Толқын Мұхтарованың кәсіби біліктілігінің арқасында күдікті азаматшаның қылмыстық іс-әрекеті тергеу барысында толығымен дәлелденді.
Бұдан бөлек тергеу барысында күдіктінің аталған қылмыстан басқа тағы бір алаяқтық жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.
Іс сотқа жолданып, жәбірленушіге келтірілген шығын толық өндірілді.
Сот үкімімен алаяқ азаматша кінәлі деп танылып, оған бір жыл тоғыз ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.