Алаяқ Ақтөбе тұрғынын 660 мың теңгеге алдап кетті
Алаяқ Ақтөбе тұрғынын 660 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 сәуірде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына алаяқтардың кезекті құрбанына айналған 42 жастағы Ақтөбе тұрғынының өтініші келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, танымал сайттардың бірінде ол Ақмола облысында болған KiaRio автокөлігінің сатылатыны туралы хабарландыруды көрген. Телефон арқылы хабарласып, ер адамдар автокөлік сатып алу/сату туралы келіскен, бірақ сатушы 660 мың теңге көлемінде кепілақы сұраған. Ешбір күдігі болмаған өтініш беруші аталған соманы аударады, алайда кейіннен шетелдік көліктің «иесі» байланысқа шығуды тоқтатқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мән-жайларды анықтап, қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.Статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылы интернет арқылы жасалған алаяқтардың 830-дан астам фактісі тіркелген, олардың басым бөлігі Көкшетауға – 426, Целиноград ауданына – 92, Бурабайға – 76 және Степногорск қаласына – 39 факті тиесілі.
Қылмыстың осы түрімен күресті жетілдіру үшін полиция қызметкерлері жаңа әдістерді енгізіп, заманауи цифрлық технологияларды қолдануда. Ведомствода арнайы жедел–тергеу тобы құрылды, оның құрамына IT-технологиялар саласында дағдылары бар 40-тан астам полиция қызметкері кірді, іс-қимыл алгоритмдері әзірленді. Полиция қызметкерлері екінші деңгейлі банктердің филиалдарымен тығыз байланыста.
Алайда бұл мәселені шешудің басты факторы, әрине, азаматтардың қырағылығы.