Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақтөбелік әйелдің шотынан қомақты қаржыны жымқырған

Ақтөбеде тұрғынның банк есепшотынан белгісіз біреу ірі көлемде ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қалалық Полиция басқармасына 37 жастағы әйел өзінің есепшотынан белгісіз біреудің ірі көлемде ақшаны иемденгені туралы арызданған.

Алдын ала тергеу барысында, арыз иесіне белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Ол банк қызметкері болып танысып, белгісіз біреулердің оның картасынан ақша жымқырмақ болғанын айтып, банк картасының реквизиттерін біліп алып, шоттан 1 мың 795 АҚШ долларын және 100 мың теңге ақшасын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардан банк мекемелерінің қызметкерлері болып танысатын адамдарға және мәселені ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару арқылы шешуді ұсынатын бейтаныс жандарға сенбеуді сұрайды. Банкке картаның сыртқы жағында көрсетілген телефон арқылы жеке қоңырау шалыңыз немесе қаржы мекемесінің бөлімшесіне барып жолығыңыз. Өз қаражатыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру