Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ көкшетаулық тұрғынды 300 мың теңгеге алдап кетті

Алаяқ көкшетаулық тұрғынды 300 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Әйел оның танысы «WhatsАрр» интернет-мессенджері арқылы үшінші тұлғаларға табыс алу мақсатында қаржы пирамидасына ұқсас схемаға ақша қаражатын инвестициялауды ұсынғанын хабарлады.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша, қаскүнем 300 мың теңге мөлшерінде өтініш берушінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған, оны әйел алаяқтың банктік шотына аударған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу міндеттемесі түрінде таңдалды.

Қазіргі уақытта жәбірленушілердің алғашқы тобы құрылды. Олардың көпшілігі Солтүстік-Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғындары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру