Алаяқ көлікті армян есебінен қазақстандық есепке рәсімдеуге ақтөбелікке уәде берген
Алаяқ көлікті армян есебінен қазақстандық есепке рәсімдеуге ақтөбелікке уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 мамырда полицияға 43 жастағы қала тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арыз берген.
Атап айтсақ, 29 жастағы ер адам автокөлікті армян есебінен қазақстандық есепке қайта ресімдеу сылтауымен жәбірленушінің 650 мың теңге сомасындағы ақшасын алдап алған. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Облыс полицейлері ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, тексеру және қырағылық таныту қажет.