Алаяқ мектеп мұғалімінің миллион теңгесін алып, алдап кетті
Түркістан облысының полицейлері мұғалімді миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Мектеп мұғалімінің айтуынша, белгісіз әйел оған аттестациядан өтуге көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленуші азамат алаяққа 1,2 миллион теңгеден астам қаражат берген, бірақ ол сертификаттау нәтижелерін де, ақшаны да қайтармаған. Сайрам ауданының тұрғыны алданып қалғанын түсінген кезде полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, күдіктілерді іздеуге кірісті.
Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде алаяқтықтың ізіне түсіп, күдіктіні ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылған жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мектеп мұғаліміне сеніміне кіріп , сертификаттауға көмек көрсету үшін алаяқтық жолмен алдап ақша алған. Содан кейін өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтау үстінде.
Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.