Алаяқ шымкенттікті жарты миллион теңгесіз қалдырды
Алаяқ шымкенттікті жарты миллион теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол арызында өзінің танысы пәтер алып беремін деп алдап, 500 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін жазып көрсеткен.
Абай АПБ-ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.