Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ үш петропавлдықты алдап 5 млн. теңгені олжалаған

Петропавлдық полицейлер астаналық әріптестеріне ірі көлемде жасалған бірнеше алаяқтықты тергеуге көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйдің әрекетінен Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары зардап шеккен, оның ішінде үш петропавлдық та бар. Алдаудың жолы белгісіз қылмыскер бұзуға жоспарланған ескі үйлердің иелерімен байланысқа шығып, оларға жаңа салынып жатқан үйлерден пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген. Ол үшін бастапқы жарна салу және «қол ұшын бергеніне» аздаған сома төлеу қажеттігін айтқан. Керектігін. Жалған уәдеге алданғандар алаяққа ақша аударған, петропавлдыққа келтірілген шығынның сомасы бес миллион теңгеге жуық. Күдікті, Нұр-Сұлтан қ. 1986 жылы туған тұрғынын астаналық полицейлер ұстады, петропавлдық тәртіп сақшылары тіркелген эпизодтар бойынша материалдарды табыс етті.

– Қазіргі уақытта алаяқтар заманауи технологияға сүйене отырып, интернеттті және өз құрбандарының шотына қашықтан қолжеткізу мүмкіндігін пайдаланады, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Климов. — Сонымен қатар, бүгінге дейін бұрыннан келе жатқан алдау тәсілдерін қолдануда. Олардың арасында тұрғын үй аумағын тиімді сату-сатып алу, қажетті құжаттарды жасауға «көмектесуге» немесе ақшаны айналымға жіберуге уәде беру – алаяқтар өз құрбандарының сеніміне кіріп, қызмет алуды тездету үшін ақша талап етеді. Адамдарды аса сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, бөгде тұлғалардың оларға ақша аударуы туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Барлығы жыл басынан СҚО полицейлері 189 алаяқтықты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру