Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ жергілікті тұрғынды жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыруға уәде берген

Алаяқ өз «қызметі» үшін жәбірленушіден 75 мың теңге алып, ізін суытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз күні Ақтөбе қалалық ПБ полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол алаяқтың құрбаны болғандығын айтты.

Белгілі болғандай, тамыз айының басында жәбірленуші жоғары ақы төленетін жұмыс іздеген. Жұмыс іздеу барысында, оған белгісіз ер адам жолығып, айлығы жоғары бір компанияға кіргізуге уәде береді. Сонымен қатар, ол үшін қажетті байланыстарға ие екендігін және барлық жағдайды жасап беретіндігіне сендірді. Өз қызметі үшін 75 мың теңге сұрады.

Ақшаны алған соң делдал бұл мәселенің бірнеше күн ішінде шешілетінін айтқан, кейін байланысқа шығуын тоқтатты. Осыдан кейін жәбірленуші өзінің алданғандығын түсініп, полицияға жүгінген. Полиция алаяқты анықтады. Ол 28 жастағы ер адам болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Tергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру