Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ жоқ пәтерлерді шығысқазақстандықтарға жалға берді

Жалдамалы пәтер алып беремін деп елді алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Күдікті қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың қараша айының басында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ “102” жедел арнасына ЖОО-ның 19 жастағы студент жүгініп, 2021 жылдың 10 сәуірінде хабарландыру қосымшасы арқылы пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды тауып, арзан бағаны көргеннен соң бірден қоңырау шалған.

Қоңырауға белгісіз әйел жауап беріп, ол әңгіме барысында пәтерді жалға алғысы келетіндердің көптігін айтып, студенттен пәтер үшін алдын-ала төлем жасауды талап еткен. Панасыз жүрген 19 жастағы қыз еш ойланбастан мобильді қосымша арқылы белгісіз әйелге ақша жіберуге келісе кеткен. Күмәнді шарттан соң, қыз пәтерді көруге барған, алайда “пәтер иесі” белгіленген жерге келмеген. Келтірілген шығын сомасы 50 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері дәл осы қаскөйдің тағы бір осындай қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ-ға Ұлан ауданының 22 жастағы тұрғыны жүгінді, ол да жалға пәтер берушінің құрбаны болғанын айтқан. Өз арызында қаңтар айының соңында жоғарыда аталған схема бойынша алаяқтың 15 мың теңге иемденіп алғанын жеткізді.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Павлодар облысының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұған дейін ол бірнеше рет алаяқтық фактісі бойынша жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті Павлодар қаласының тергеу изоляторына қамалды. Полиция күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмаңыз, интернет желісі арқылы жасалатын қызметтің дұрыстығына көз жеткізбей, күмәнді сатып алулар мен мәмілелер жасамаңыз. Сізге қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасалған жағдайда “102” жедел арнасына дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру