Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа алданған шымкенттік тұрғын 150 мың теңгесінен айырылды

Алаяққа алданған шымкенттік тұрғын 150 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алып беремін деп 150 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру