Алаяққа сенген ақтөбелік қыз ақшасынан айырылып қалды
Алаяққа сенген ақтөбелік қыз ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
22 жастағы ақтөбелік қыз қалалық полиция бөліміне алаяқтық туралы арызданды. Жақында оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін әскердегі бауыры ретінде таныстырып, қарызға ақша сұраған.
Алаяқ тез арада ақша керек деп асықтырғандықтан, ол ойланбастан 170 мың теңге ақшасын аударып жіберген. Алаяқтар көбіне жәбірленушілерді осылай асықтырып, сұраған ақшаларын иемденіп алады.
Ақтөбе облысы ПД ақша аударар кезде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Сонымен қатар, банктен келген SMS-кодтарды алаяқтарға айтпаңыз, өйткені олар алаяқтықты интернет-банкинг қосымшасы арқылы жасайды.