Алаяққа сенген ақтөбелік тұрғын сан соғып қалды
Алаяққа сенген ақтөбелік тұрғын сан соғып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 жастағы әйелге бейтаныс ер адам өзін банк қызметкері деп таныстырып, қоңырау шалған. Әңгіме барысында алаяқтар оның атынан несие рәсімдемекші деп айтып, хабарламамен келген SMS-кодты айтуды сұрайды. Кейін жәбірленушінің картасындағы барлық қаражатты басқа банк шотына аударып алған. Жалпы шығын көлемі екі млн теңгені құрады.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар қолға алынды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті осындай жағдайлардың алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.