«Алаяқсыз қала» акциясы: СҚО-да полиция мен блогерлер азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
СҚО-да блогерлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша полиция қызметкерлерінің бастамасын қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер петропавлдық блогерлерді интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру акциясына шақырды. Орта есеппен облыс бойынша күн сайын бір-екі адам желілік алаяқтардың құрбаны болады.
Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері адамдарды алаяқтардың негізгі амалдары туралы ескертетін түсіндіру іс-шараларын үнемі өткізіп тұрады. Бұл жолы тәртіп сақшылары «Алаяқтықсыз қала» акциясында тұрғындарды қырағылық туралы ескертуді кеңінен тарату үшін блогерлерді шақырды.
Шара қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде өтті. Тәртіп сақшылары, прокурорлар, ерікті полиция көмекшілері және банк өкілдері келушілерге жадынамалар таратып, өздерінің құпия мәліметтерін жария етпеуді, телефонға беймәлім қосымшалар мен алаяқтардың басқа да амалдарын орнатпауды ескертіп, e-gov.mobie мобильдік қосымшасында осы қызметтерді ресімдеуге көмектесті.
Акцияға қатысушылардың бірі алаяқтарға қарсы әрекет ету тәсілімен де бөлісті. Егер оған «банктің қауіпсіздік қызметінен» немесе «ұялы байланыс операторынан» күдікті қоңыраулар келіп түссе, ол қазір кеңсеге өзі қоңырау шалатынын айтады. Осындай қоңырау тілдесуінен кейін алаяқтардың өздерін тұтқаны тастай салып жатады.
– Жүйелі профилактика интернет-алаяқтықты тіркеуді өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 7 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Танымал блогерлер акцияға қызығушылықпен қатысты. Олардың көмегі он мыңдаған азаматқа пайдалы мәліметтерді таратуға және киберқылмысты жеңуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығы Марат Жұмалиев.