Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар “Cyberpol” тобының жедел уәкіліне қоңырау шалды

Алаяқтар “Cyberpol” тобының жедел уәкіліне онлайн акцияларды “сату” ұсынысымен қоңырау шалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Келісудің пайдасы 7,7 пайызды құрады. Егер сіз біздің компанияның клиенті болсаңыз, акцияларды 18 доллар 44 центке сатып алып, 19 доллар 86 центке сатар едіңіз… “  дейді WhatsApp месенджері арқылы қоңырау шалған алаяқтар. Алайда өзіне тым сенімді болған алаяқтар Петропавл қаласының полиция басқармасының “Cyberpol” тобының жедел уәкілімен сөйлескенін білмеді.

Мұндай қоңыраулар көбінесе шетелден, виртуалды нөмірлерден түседі. Бұл жағдайда қылмыс фактісі жоқ, алайда полиция қызметкері алаяқты мұқият тыңдап, қылмыскерлердің қандай айлалар пайдаланатынын білуге тырысты. Бұл халықпен профилактикалық жұмыста өте қажет.

“Алдымен тест кезеңі. Біз ақпарат орталығының мамандарымен бір апта ішінде аз сомамен жұмыс істеуді ұсынамыз, сонымен қатар сізбен байланысқа шығатын жеке қаржы сарапшысымен жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар… “.

Алаяқ биржалық ойынды ұсынады, түрлі оқиғалар акциялардың құнына қалай әсер ететінін айтады және олардың компанияларында нақты болжам беретін сенімді талдаушылар бар деп сендіреді.

Ол секілділер адамдармен тез тіл табысқыш, терминологияны өте жақсы меңгерген болып келеді. “Қаржы кабинетіңізде өзіңізге қауіпсіздік паролін жасайсыз, шотыңызға тек сіз ғана кіре аласыз, оны тек сіз басқарасыз” деп “клиентерін” қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндеріне сендіреді.

“Тест кезеңінде” адамға шынымен де бірнеше минуттың ішінде аз ақша табуға мүмкіндік береді. Содан кейін алаяқтар “бірегей ұсыныс” айтып, ірі ақшалай пайда табу нұсқайды. Адамдар барлық жинақтарын жинап, қарызға кіреді. Кейін барлық ақшаны “қаржы кабинетіне” аударады, ақырында одан айырылады. Жеке шот, құпия сөз, акциялар – мұның бәрі алдау, смартфон экранындағы әдемі сурет қана.

Солтүстікқазақстандық полицейлердің тәжірибесінде “ақша табу” схемасы бойынша келтірілген залал шығыны 30 миллион теңгеге дейін жеткен жағдайлар болған. Жәбірленуші өзіне ай сайын жіберіліп отыратын “табыстың өсу кестесіне” сеніп, мол табысқа кенелудің тамаша мүмкіндігін жіберіп алмас үшін пәтерін сатып жіберген. Ақшаға қол жеткізгеннен кейін алаяқтар онымен байланысқа шықпай қойған.

Тәртіп сақшылары үнемі түсіндіру шараларын өткізіп, ғаламтор алаяқтары туралы ескертеді. Ең бастысы “шұғыл қажеттілік” кезінде қандай да бір қаржылық операцияларды жасау барысында асықпай, өздеріннің дербес деректерінді бөгде адамдарға бермеу және барлық ақпаратты мұқият қайта тексеру қажет.

7 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында осындай 453 қылмыс тіркелген, оның ішінде 55-і “ақша табудың” түрлі нұсқаларына байланысты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру