Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтардың арбауына түспеңіз

Ақтөбе облысы  Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөгде адамдарға құнды заттарды табыстауда немесе ақшаны беру арқылы қайта тексеріп, қырағылық таныту керек.​

Қыркүйек айының басында 45 жастағы кәсіпкер полиция бөліміне арызданды. Оның айтуынша, ағымдағы  жылдың басында бейтаныс қыз бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық жолмен, қайтарымсыз кредит алу үшін көмек көрсету сылтауымен 50 мың теңге сомасында ақшасын жымқарған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  30 жастағы ақтөбелікті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру