Алаяқтық қылмысының 7 дерегіне қатысы бар Алматы тұрғыны анықталды
Алаяқтық қылмысының 7 дерегіне қатысы бар Алматы тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сатып алу, содан кейін қымбатырақ сату. Алдаудың тізбегін іскер адам өзі әзірлеген.
– Біздің бөлімшеде 35 жастағы Т.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өзінің таныстарына электр есептегіш құралдарын сатып алуды, кейін оларды тиімді бағаға сатуды ұсынғаны анықталды. Ол әлеуетті клиенттердің қызығушылығын оятқаннан кейін олардан ақша алып, белгісіз бағытқа жасырынған. Жедел іс-шаралар барысында күдікті қолға түсті. Ол 7 қылмыстық эпизод жасағаны үшін ұсталды. Күдікті өз қылмысын мойындады. Оның жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарды анықтау үшін мұқият тексеріліп жатыр. Осыған орай, азаматтарды ұсталған адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 254-47-02; 8-702-160-06-34, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.