Алаяқтыққа қарсы күрес: полицейлер павлодарлық тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратты
Полицейлер павлодарлық тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Буклеттерде ең көп таралған алаяқтық әдістер көрсетілген.
Егде жастағы адамдар алаяқтардың құрбаны болмас үшін алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз, - деп хабарлады Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.
Электрондық әмияндармен байланысты қаржылық алаяқтық қазір кең таралуда. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, өзін басқа тұлға ретінде көрсете отырып, мәміле жасасу кезінде жалған ақпарат береді.
Әртүрлі маркетплейстерде де алаяқтар төлем жүйесінің комиссиясы үшін алдын-ала төлем сұрайды. Жалған комиссияны төлеткен соң алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады.
Буклетте мұқият болу және бәріне сұрақ қою және талдау жасау, бейтаныс адамдардың бейтаныс сілтемелеріне өтпеу, тек тексерілген қызметтерді пайдалану жайлы көрсетілген.
Жыл сайын алаяқтар барған сайын сенімді бола бастайды. Кейде оларды адал адамдардан ажырату қиын. Алаяқтар барған сайын жаңа әрі күрделі схемаларды ойлап табады. Тәртіп сақшылары ешкімді аямайтын алаяқтардан сақ болуды ескертеді.