Алдын алу іс-шарасының бірінші күні қорытындыланды
Ақтөбе облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағындағы жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтау мақсатында 11-13 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесі бойынша тіркелген 25 қылмыстың 16-сының ізі суымай ашылса, іздеуде жүрген үш адам ұсталды.
Тыйым салынған заттарды ұстаудың 35 дерегі анықталды, оның ішінде есірткі тасымалдаудың бір дерегі, тіркелмеген атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің екі дерегі, суық қару (пышақ) алып жүрудің 30 дерегі бар.
Сонымен қатар 650 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 74-і ұсақ бұзақылық дерегі болса, 10 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.