Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алдын алу шаралары қабылдануда

Атырау облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзған жүргізушілерді анықтап, шаралар қолдануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және алдын алу бойынша рейдтік шаралар өткізуде.

Мысалы, автокөлік жүргізушілері тарапынан тоқтап тұру ережелерін бұзу (ӘҚБтК-нің 597-бабы) жиі орын алады. Сонымен қатар көліктерін қиылыстарда, жолдың жүріс бөлігінде, қоғамдық көлік аялдамаларында, сауда орталықтарының алдында немесе жолдың кез келген жерінде қалдыратын жүргізушілер жол – көлік оқиғалары мен кептелістерді  тудыруы мүмкін.

Мысалы, 21 желтоқсан күні сағат 10:23 шамасында «Kia Rio» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлігін Сәтпаев көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасына қойып кеткен. 32 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар 21 желтоқсан күні сағат 10:29 шамасында «Opel Mokka» автокөлігінің 1969 жылы туған жүргізушісі өз көлігін Сәтпаев көшесінде көлік қоюға арналмаған жерде қалдырған. Ол өз қылығын полицейлерге «дәріханаға тезірек кіріп-шығуым керек болды» деп түсіндірген. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

– Атырау қаласында жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 900-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы Руслан Садиров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру