Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алдын алу шаралары қабылдануда

Өткен аптада Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының ПБ патрульдік полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Полиция қызметкерлері “Дина” гипермаркеті ауданында және айналма жолда жаяу жүргіншілердің жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауы бойынша жол қозғалысына қатысушыларға түсіндірмелері бар буклеттер тарата отырып, алдын алу акциясын өткізді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу – ішкі істер органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Ережелерді бұза отырып, жүргізушілер өздеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру