Әлем кубогы: ұландық Милад Карими жеңіске жетті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими Катар астанасы — Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ройдағы еркін жаттығулар финалында Милад Карими төрешілерден 14.466 ұпай жинап, көрермендерді тамсандырған жарқын қойылым көрсетті. Бұл нәтижесі оған отандасы Алтынхан Темірбектен (13.633) және Ұлыбритания өкілі Сэм Мостофиден (13.600) озып, бірінші орын иеленуге мүмкіндік берді. Қарсыластары сәйкесінше күміс және қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, ефрейтор Милад Карими – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі. Ол дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушы міндетін атқара отырып, ұландықтар арасында спорттың дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Сондай-ақ әлем кубогының осы кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбанов та сәтті өнер көрсетті. Ат үстіндегі жаттығулар финалында ол 14.566 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
Ал 19 сәуір күні Милад Карими зілтемірдегі жаттығулар финалында өнер көрсетеді. Ол бұл бағдарламада да жүлделі орынға үміткер саналады.