СҚО-да сотталғандар әлем және Азия ойындарының чемпиондарымен кездесті
Әлем және Азия ойындарының чемпиондары СҚО-да сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде сотталғандардың халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, 2023 жылғы Азия чемпионы және Қазақ күресі бойынша 2024 жылғы әлем кубогының чемпионы Алтынбек Аусагитовпен, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, шаңғымен бағдарлау бойынша Азия чемпионы және қысқы Азия ойындарының чемпионы Аслан Тоқбаевпен кездесуі өтті.
Атақты спортшылар сотталғандарға салауатты өмір салтының маңыздылығы, сондай-ақ өздерінің өмірі мен спорттық жолы туралы айтып берді.
Алтынбек Аусагитов қазақ күресінен әлем кубогында өнер көрсетті. Жарыс Жетісу облысының Үштөбе қаласында өтті. Ол көрнекті жазушы, ұлттық әдебиеттегі қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың жүз жылдығына арналды. Бірінші орын үшін финалды кездесуде спортшы 100 келі салмақ дәрежесінде алтын алды.
– Мектепте мен еркін күреспен айналыса бастадым. Қазақ күресіне университетте оқып жүргенде келдім. Осы спорт түріне 10 жыл арнадым. Әлем кубогында Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан балуандарымен күрестім. Олардың әрқайсысы лайықты қарсылас. Жеңістен кейін «Халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері» спорттық атағын алдым. Қазіргі уақытта жаңа жарыстарға белсенді дайындалып жатырмын, – деді Алтынбек.
Аслан Тоқбаев бес әлем чемпионатына қатысты. Әлемдегі ең ірі пәнаралық спорт ұйымдарының бірі – «Халықаралық әскери спорт кеңесінің» әскери қызметшілері арасында өткен алты әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысты. 2011 жылғы Қысқы Азиадада Солдат шатқалында өткен жарыстарда Аслан Тоқбаев эстафетада чемпион атанды. Сонымен қатар 2015 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Достық армияларының әскери-спорттық ойындарында эстафетада қола жүлдегер атанды.
– Алғаш рет шаңғыға 5 жасымда тұрдым. 10 жасында шаңғы жарыстарына қатыса бастадым, 2003 жылы 17 жасында шаңғымен бағдарлауға көштім. Қазіргі уақытта спортпен шұғылдануды және жарыстарға қатысуды жалғастырудамын. Бұл менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар мен Солтүстік Қазақстан облысының «Үміт» дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жаттықтырушысымын, – деп айтты Аслан.
Сотталғандар спортшыларды үлкен қызығушылықпен және таңданыспен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесуге келдері үшін ризашылықтарын білдірді. Соңында қонақтар сотталғандарға спорттық құрал-жабдықтар табыстап, салауатты өмір салтына шақырды.