«Әлеуметтік көмек алып беремін»: түркістандық әйел тұрғынды алдап кетті
Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқтық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы әлеуметтік көмек беру мекемесінде істейтінін айтып және оған кәмелетке толмағандарға көмек ретінде ақша алып беремін деп, 200 мың теңгесін алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген ақшаны да, не өз ақшасын да ала алмаған.
Аталған жайт СДТТБТ-ге енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғын әйелді ұстап басқармаға жеткізді.
Тергеу барысында анықталғандай, полицейлер күдікті әйелдің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны алғанын анықтайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңге болды.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Бұрын сотты болған. Бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер сіз алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.