Әлеуметтік қолдау – қоғамға бейімделудің кепілі
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматпен “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері, Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік бейімдеу орталығы мен “РАЙ” әлеуметтік көмек көрсету орталығының мамандары қатысты. Алаяқтық бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған азаматқа әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу және қоғамға бейімделу мәселелері түсіндірілді.
Ол жасаған қателігіне өкінетінін, жаза өтеу барысында отбасынан жырақта болудың ауыр тигенін айтып, жаңа өмір бастауға дайын екенін жеткізді.