Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желі арқылы киім сататын «сатушы» тұрғынды алдап кетті

Қазығұрттық полицейлер әлеуметтік желі арқылы ақша аудартып алған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол өзінің арызында әлеуметтік желідегі жарнамалар жарияланатын парақшадан өзіне сырт киім сатып алмақ болып белгісіз адамға тапсырыс берген. Онда киім жарнамалап, сатушы жәбірленушімен өзара келісіп, банктік картаға 120 мың теңге ақша аударуын сұраған. Алайда, ақша аударғаннан соң тапсырыс берген тауары келмеген. Алаяқтың арбауына түсіп қалғандығын білген жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 120 мың теңгені құрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Осыған байланысты аудандық полиция қызметкерлері тез арада әрекет етіп, тұрғынды алдап, сан соқтырған күдіктіні ұстауға кірісті. Көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оңай жолмен ақша табуға тырысқан, күдікті әйелді Шымкент қаласынан ұстады. Алаятық жолмен алған көлемді ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Ұсталған әйел өз кінәсін толықтай мойындады. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға барынша абай болуға, сенгіштікке салынбауға кеңес береді. Алаяқтардың әртүрлі арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Егер сіз осындай алаяқтық фактілерінің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру