Әлеуметтік желіде Түркістан облысы полицейлерінің «заңсыздық» туралы бейнежазбасы таралуда
Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру жүргізілді, оған сәйкес полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер анықталған жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ, «ҚР Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 14-бабына сәйкес қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде тек құқық қорғау органының басшысына, тікелей және уәкілетті басшыларға бағынады және заңмен тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, қызметкерлердің қызметіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Қызметкерлердің қызметіне құқыққа қарсы араласу заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сонымен бірге, «ҚР Ішкі істер органдары туралы» Заңның 19-бабында қызметкерлер ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде жеке тұлғаларға жүгінген кезде өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар, Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамыз күні Түркістан қалалық ПБ-не жеке кәсіпкер белгісіз адам жалға алған үй-жайдың терезесіне бірнеше дана арматураны лақтырып, қашып кеткені туралы арызданған болатын. Осылайша, ол терезені сындырып, жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған арыз ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша тіркеліп, әкімшілік іс жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр