Алғыс айту күнінде ШҚО полицейлері интернационалист-жауынгерді құттықтап қайтты
Алғыс айту күнінде ШҚО полицейлері интернационалист-жауынгерді құттықтап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары ауған соғысының ардагеріне мүгедектер арбасын сыйға тартты.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнін мерекелеу аясында 24 ақпан күні ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі және ШҚО ПД КСБ қызметкерлері ІІО ардагері, интернационалист-жауынгер, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушы, кеудесі «Жауынгер-интернационалистке ауған халқынан алғыс», «Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 20 жыл» медальдарына толы Мақсат Оралбековке барып қайтты.
Инсульт алғаннан кейін төскке таңылған ардагер бірнеше жыл далаға шығып серуендеуден де қалған.
Қонаққа келген ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник Н.Үдербаев ІІО ардагерлері мен полиция қызметкерлерінің атынан Мақсат Оралбековке мықты денсаулық тілеп, интернациалист-жауынгерге қажетті мүгедектер арбасы мен теледидар сыйлады.
Әрбір майдангердің денсаулығы мен тұрмысы ШҚО ПД-ның ерекше бақылауында екенін атап өткен жөн. Сондықтан ақпан айының ортасында зейнетке шыққан қызметкер, ауған жауынгерінің жағдайына алайдаған облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ШҚО ПД госпиталіне есепке алынды. Енді ардагердің денсаулығы дәрігерледің бақылауында.
Жауынгер-интернационалист ІІО ардагерлері мен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Ауғанстандағы қарулы қақтығыстарды шешуге қатысқан қазақстандықтардың қайсарлығы мен батылдығы әрқашан жоғары ерліктің, патриотизмнің, Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатынын ұмытпаған жөн.