Алғыс арқалаған тәртіп сақшылары
Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөліміне қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Хатта: – Мен жедел уәкіл Алмас Адамовқа, Сүйіндік Қайырбаевқа, тергеуші Любовь Аушеваға, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары Медет Шариповке, Сабыр Саиповқа және Тимур Рахметовке алғыс айтамын. Қажырлы жұмыстың нәтижесінде олар қылмысты ашты, қаскүнемді тауып, ауыздықтады. Олар өз ісінің нағыз мамандары! Оларға бақыт, зор денсаулық және қызметтерінде сәттілік тілеймін!, – делінген.
Тамыз айының басында белгісіз жан Павлодар тұрғынының ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары дереу іске көшіп, қылмыскерді тауып, оның мүлкін иесіне қайтарып берді. Ол бұрын сотталған Жезқазғанда тұратын 34 жастағы ер адам болып шықты. Енді ол сот алдында жауап беретін болады.