Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алимент бойынша қарызы бар азаматтар букмекерлік кеңселердің тұрақты клиенттері

Ақтөбе облысында алимент бойынша қарыздары бар азаматтар букмекерлік кеңселердің тұрақты клиенттері, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің өндірісінде 189 іздестіру істері тіркелді, оның ішінде 73 пайызы немесе 138-і балаларына материалдық көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан және өз ата-аналық құқықтары мен міндеттерін орындаудан барлық жолмен жалтарған тұлғаларға қатысты қозғалған.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында алимент бойынша қарыздың жалпы сомасы 30 миллион теңгеден асады, бұдан былай тексеру кезеңінде 40-қа жуық болашақ ата-ана букмекерлік кеңселерге тұрақты түрде бәс тігіп, қомақты қаржыны жоғалтып алатыны анықталды.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралар нәтижесінде баласына алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген 128 азаматтың тұрғылықты жері анықталды, олардың 30-ы букмекерлік кеңселердің тұрақты клиенттері, ал олардың туған баласына қарыз болған ақша, букмекерлік кеңселерге бәс тігуде жоғалтқан ақшадан бірнеше есе аз.

Мысалы К. есімді азаматтың кәмелетке толмаған 3 баласына алимент берешегі 2 миллион теңгеден асса, соңғы екі жылда аталған азаматтың ақша айналымы 5 миллион теңгеден асып жығылады. Мұндай мысалдар көп.

Сонымен қатар іздеуде жүрген адамдарды анықтау кезінде полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан адамның жақын туыстары оның орналасқан жері мен жұмыс орнын жасыру үшін барын салатын фактілермен жиі кездеседі.

Бұл санаттағы азаматтар құқық қорғау органдары анықтап алмас үшін, төмен жалақыға заңсыз еңбек әрекеттерін жасап жүр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті алимент төлеуден жалтару бойынша заң талаптарын орындамау ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру