Алимент төлемеген әке: ШҚО-да 10 млн теңге қарызы бар азамат анықталды
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемейтіндерді анықтау және іздестіру жұмыстары барысында 2011 жылдан бастап кәмелетке толмаған баласына алимент төлеу бойынша өз міндеттемесін орындамаған 40 жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарыз сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздестіру жарияланған.
Тәртіп сақшылары борышкердің мекенжайын анықтады. Жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады.
Осы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 35-тен астам алиментшіні анықтады. Бір күнде ұқсас 5 жағдай анықталған.
ШҚО ПД көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтару тек қаржылық зардаптарға ған емес, қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.