Алимент төлемеген павлодарлықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Алимент төлемеген павлодарлықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Ата-аналар балаларын кәмелеттік жасқа толғанға дейін асырауға міндетті. Бұл міндетке ата-аналардың қарым-қатынасы, паспортта неке туралы мөрдің болуы немесе болмауы әсер етпейді. Алименттерді төлеуден қасақана жалтару – ата – ананың кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу міндетін орындамауы, егер бұл орындамаушылық жүйелі, қасақана және ұзақ сипатқа ие болса, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Мысалы, полицияға екі павлодарлыққа қатысты жеке сот орындаушыларынан қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдар келіп түсті, өйткені ер адамдар ұзақ уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеу міндетін атқармайды.
Бірінші жағдайда, 48 жастағы ер адам алимент төлеуден жалтарып, балаларға шамамен 1 млн. теңге қарыз болған. Екінші жағдайда, 1993 жылы туған ер адам да 1 млн теңгеге жуық қарыз. Бұған дейін ер адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ оларға жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына бірнеше рет хабарлама берілген. Алайда, олардың ешқайсысы ол жаққа жүгінбеді және жұмыс істемеді.
Полиция атап өткендей, ер адамдарға қатысты балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.