Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алимент төлемей жүрген 160 адамның жүрген жері анықталды

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері балаларына алимент төлемей жүрген 160 адамның жүрген жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Полицейлер балаларына алимент бойынша ақша қарыз көкек әкенің жүрген жерін анықтады. Ер адам Ресей Федерациясының Тюмень қаласында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Тағы бір алимент төлемеуші Қостанай облысының Рудный қаласында анықталды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері алимент төлемеген 160 адамның жүрген жерін анықтады. Балаларына қарызы бар 32 әкенің көлігі тәркіленіп, қарызын толық өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылды. Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бұл бағытқа ерекше көңіл бөледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция департаментінде алимент төлемеушілерді іздестіруге сот ұйғарымы негіз болып табылатыны түсіндірді және ол өтініш берушінің пайымдауынша, іздестірілушінің емес, талапкердің тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркеледі.

Бұл жерде алимент төлеуден жалтарған адамның жүрген жерін анықтау керек екенін есте ұстаған жөн, бұл одан төленбеген соманы өндіріп алуды білдірмейді. Полицияның өкілеттігі іздестірілушінің жүрген жері анықталған кезде аяқталады.

Егер көші-қон қызметі тарапынан бір ай ішінде борышкердің жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, өндіріп алушының талап етуі бойынша тиісті құжат беріледі, оның негізінде әлеуметтік қамсыздандыру органдары борышкерді іздестіру кезеңінде балаларды күтіп-бағуға уақытша жәрдемақы төлейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру