Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкогольді өнім өткізу талаптарын бұзған сатушы жауапқа тартылуда

Түркістан облысының полицейлері рейд жүргізу барысында алкогольді өнім өткізу жөніндегі тоғыз жайтты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасының алкогольді өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу жайттарын анықтау үшін рейдтік іс-шара жүргізілген болатын. Соның ішінде Кентау қаласының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша тоғыз дерек анықталған. Рейд барысында күндізгі сағат 11:30 шамасында Кентау қаласының азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушы этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын алкогольдік өнімін өткізген.

Осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қазіргі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес құжаттар жинақталып, шешім шығару үшін Кентау қалалық сотына жолданды. 

Өздеріңіз белгілі отбасылық дау-дамайдың, ішімдікке салынып, зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу аясында учаскелік полиция инспекторлары қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, қарқынды жұмыстар атқаруда. Яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде. Бұл жұмыстар учаскелік полицейдің күнделікті атқаратын әрекеттері. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру