Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан жеке кәсіпкер анықталды
Жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының Полиция басқармасы алкоголь өнімдерін сату бойынша заңсыз әрекеттің жолын кесті.
– 2020 жылғы 5 қарашада азық-түлік базарына өткізілген рейдтік іс – шара барысында бутиктердің бірінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алкогольдік өнімдерді лицензиясыз және акциздік маркасыз заңсыз сату фактісін анықтады, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.
Жеке кәсіпкер 5 литрлік пластик ыдыстарға құйып, спирттік ішімдіктерді заңсыз сатумен айналысқан. Одан 35 литр спирт алынды.