Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкоголь өнімін заңсыз сатқан павлодарлық кәсіпкер 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді

Павлодар облысы Ақсу қаласында кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Ақсу полицейлері профилактикалық рейд барысында Ақсу қаласының дүкендерінің бірінде түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтады.

Сатушы сыраны 20 жастағы жігітке сатқан.

– Кәсіпкерге қатысты жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Қожайынға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Жыл басынан бері Ақсу өңірінде тәртіп сақшылары алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 8 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру