Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Алкогольсіз күн" акциясы: Атырауда құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүргізілді

"Алкогольсіз күн" акциясы: Атырауда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Алкогольсіз күн" акциясы аясында Атырау қаласында профилактикалық іс-шаралар өтті. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғам назарын маскүнемдік мәселесіне аударып, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және ішкі істер органдарына деген қоғамдық сенімді арттыру.

Аталған акция барысында Атырау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі қоғамдық көмекшілер мен еріктілердің қатысуымен түнгі уақытта рейдтер жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары дүкен иелері мен сатушыларға ҚР заңнамасына сәйкес сағат 21:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын ескертіп, бұл талаптардың орындалуын мұқият қадағалады.

Мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыс болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру