Алматы академиясында спорттық жарыстан ішкі істер министрінің кубогына алғашқы турнир өтті
Алматы академиясында спорттық жарыстан ішкі істер министрінің кубогына алғашқы турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында петанктан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің кубогына бірінші турнир өткізді. Жарысқа журналистер мен полиция командалары қатысты. Петанк – Францияда ұлттық қазына болып саналатын спорт түрі. Бүгінгі таңда бұл ойын бүкіл әлемде кең таралған, стратегиялық ойлау мен интеллектті, төзімділік пен үйлестіруді, командалық және коммуникациялық дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Алматы академиясында петанк алаңы бар, онда қызметкерлер мен білім алушылар жауынгерлік даярлыққа тікелей қатысы бар шеберлікті шыңдайды. Лақтырудың үйлестіру дағдылары және нысанаға дәл соғу қабілеті арнайы қорғаныс пен шабуыл лақтыруды қолдануда маңызды. Іс-шараны «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастырды.
Финалдық ойынды өткізу барысында командалық біріншілікте жеңімпаз Динамо құрама командасы болды, II орынды Алматы академиясының командасы, ал III орынды – Акулы пера алды. Ойын жеңімпаздарды марапатталып, естелік суретке түсті.