Алматы академиясында ведомстволық ЖОО мамандары сервистік полиция бойынша тренингке қатысты
Ведомстволық жоғары оқу орындарының мамандары ІІМ Алматы академиясында сервистік полиция бойынша тренингтен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11-13 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында полиция жұмысының сервистік моделі контекстінде басқару мәселелеріне арналған оқыту тренингі өтті. Семинарға Қазақстан Ішкі істер министрлігінің жетекші жоғары оқу орындарының, оның ішінде Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай қалаларының мамандары қатысты. Семинарда сапаны басқару, өзгерістерді басқару, процестерді басқару және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
– Жаңа басқарушылық тәсілдерді енгізу арқылы полиция жұмысының сервистік моделіне сапалы көшуді қамтамасыз ету барлық деңгейдегі полиция басшылары үшін ғана емес, ІІМ оқу орындарының оқытушылары үшін де бірінші кезектегі міндеттердің бірі саналады. Бұл семинар – Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жобасы аясындағы қорытынды іс-шара, ол Ішкі істер министрлігіне полиция қызметкерлері мен басшылары үшін сервистік модель бойынша стандартты курсты әзірлеуге қолдау көрсетуге бағытталған, – деп бөлісті Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов.
Тренингті БҰҰДБ жобасының ұлттық сарапшысы Назгүл Ерғалиева жүргізді. Сарапшы тыңдаушылардың дайындық деңгейін жоғары деп бағалады және олардың тақырыпты талқылауға және практикалық тапсырмаларға белсенді қатысқанын атап өтті.
– Полицияның сервистік моделі сенім негізінде қызмет көрсету мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл курстар полиция жұмысында жаңа әдістер мен тәсілдерді табысты енгізуге көмектеседі, – деді спикер Назгүл Ерғалиева.
Курсжоғары деңгейде өтті. Қатысушылар сапаны басқарудың негізгі идеяларын талқылады және әртүрлі сапа мәселелерін анықтау және шешу үшін жаңа талдау әдістерін тәжірибеде қолданды. Қатысушылар қазіргі қоғам жағдайында табысты жұмыс істеу үшін қажетті теориялық білімді де, практикалық дағдыларды да үйренді.