Алматы академиясының бастығы үздік талапкерлермен кездесті
ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков «Алтын белгі» иегерлерін, ҰБТ-дан жоғары бал жинаған түлектерді, қызметте ерлікпен қаза тапқан полицейлердің әйелдері мен балаларын және спортшыларды қошеметтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл ІІМ Алматы академиясына оқуға түсуге ниет білдірген кандидаттардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған мектеп түлектері, қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ спорт шеберлері бар.
Бүгін ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков болашақта зор үміт күттіретін талантты жастармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, Қазақстанның түрлі салада өркендеп дамуына үлес қосып жүргендері үшін, өз өмірін қиып, полицей-әкелердің жасаған ерліктері үшін алғысын білдірді.
Биылғы жылы ҚР ІІМ басшылығымен оқуға түсетін кандидаттардың бұл категориясы үшін жағымды жағдайлар жасалды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, жоғарыда көрсетілген категориядағы адамдар үшін физикалық дайындық бойынша нормативтерді тапсырудан босатылу түріндегі ерекше жағдайлар бекітілді.