Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының курсанттары “Даңқы өшпес батырлар” атты тағылымды іс-шараға қатысты

Алматы академиясының курсанттары “Даңқы өшпес батырлар” атты тағылымды іс-шараға қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары Алматы қаласындағы Орталық мұражайда өткен “Даңқы өшпес батырлар” атты тағылымды мәдени іс-шараға қатысты. Аталған іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы, “Қоғамдық келісім” қоғамдық ұйымы және Офицерлер одағының ұйымдастыруымен өтті.

Бүгінгі ұрпаққа жауынгерлер ерлігін ұлықтап, жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік рухын сіңіретін мазмұнды іс-шарада соғыс жылдарының естеліктері жаңғырып, майдангерлердің рухына тағзым етілді.
Ұлы Жеңіс құрметіне арналған іс-шараға сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары Әлия Қошқарбаева, Жанар Нақыпова, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары мен Алматы қаласы полиция департаментінің жеке құрамы ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру