Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының өкілдері талдықорғандық талапкерлермен кездесті

ҚР ІІМ Мақан Есболатова атындағы Алматы академиясының өкілдері қалалық полицияның тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлерімен бірлесіп, талдықорғандық түлектермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖОО өкілдері арнайы оқу орнына түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын талаптар, оқу бітіргеннен кейінгі перспективалар мен кепілдіктер туралы толық айтып берді. Кездесу кезінде түрлі артықшылықтарға назар аударылды: академияда оқу және тұру тегін, стипендия және нысанды киімдер берілу қарастырылған. Сондай-ақ академияда оқу әскердегі қызмет ретінде есептеледі, жұмыс өтілі белгіленіп бітіргеннен кейін түлекке полиция лейтенанты атағы беріледі.

 

– Академия «ІІО жедел-іздестіру қызметі», «ІІО әкімшілік-құқықтық қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «IT-ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Радиотехника, электроника және коммуникация» бағыттары бойынша мамандар даярлайды, – деп атап өтті кафедра бастығының орынбасары Нұрсұлу Ибраимова.

Түлектерге оқу орнына түсуге еліміздің түкпір-түкпірінен ең лайықты талапкерлер қатысатын барлық сәттері туралы айтылды. Іріктеу кезінде барлық үміткерлер дене шынықтыру бойынша нормативтер тапсырады. Қабылдау комиссиясының отырысында физикалық, медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескерілетін болады.

– Бұл казармада тұрумен өтетін төрт жылдық оқыту. Оқу аяқталғаннан кейін біздің түлектер міндетті түрде ішкі істер органдарында автоматты түрде жұмысқа орналасады, – деп түйіндеді Н. Ибраимова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру