Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы әуежайында көлік полицейлері бірнеше смартфон ұрлаған азаматты ұстады

Алматы әуежайында көлік полицейлері бірнеше смартфон ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бұрын сотталған 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, құны қымбат телефондарының ұрлығымен айналысқан. Ұрлықпен айналысқан азамат әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істей жүріп,  мамыр және шілде айлары аралығында Стамбұлдан келетін смартфондарды қолды етіп жүрген.

Көлік полицейлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары мен кәсіби біліктілігінің арқасында күдікті деп танылған азаматтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Аталған азамат жалпы 33 телефонды ұрлаған. Ал келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 664 315 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толық көлемде өтелді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Көліктегі полиция департаменті көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру