Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы ауруханасында ер адам дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кеткен

Алматы ауруханасында ер адам дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы ауруханалардың бірінде қылмыс жасалды.

– Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ қаскөйде жылы киім немесе аяқ киім болмағандықтан ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін  қолайлы киімдерді алған. Бұл хирург-дәрігердің заттары болып шықты. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның жеке басын нақты анықтау мүмкін болды. Қылмыскерлер “ізін суытпай ” ұсталды, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Заттар өз иесіне қайтарылды. Оңай ақшаға әуес адам қаражатты жұмсап үлгерді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұсталған адам жасаған іс-әрекетін жоққа шығармай, бірден мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру