Алматы мектептерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарлар өтті
Алматы мектептерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарлар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Шараға қаладағы жалпы білім беру мекемелерінен 410-ға жуық педагог, психолог және мектеп басшылары қатысты.
– Семинар барысында жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алуда тәрбие жұмысының маңыздылығы, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері, сондай-ақ білім беру мекемелерінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарының заманауи әдістері талқыланды. Бұл тәжірибе алмасу арқылы педагогтар мен психологтардың серіктестігін нығайтып, жасөспірімдерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру көзделді, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы өкілдері.