Алматы облыстық ПД бастығы “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлерімен кездесті
Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлерімен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қазақстандағы ең жауынгерлік қабілеті жоғары және беделді арнайы бөлімшелердің бірі – “Арлан” тобының құрылғанына 27 жыл толып отыр.
Осыған орай, полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлерімен кездесті. Сапар барысында ведомство басшысы жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыспен күрестегі адал қызметі, жоғары кәсібилігі мен баға жетпес еңбегі үшін алғысын білдірді. Ол “Арлан” жауынгерлері ең күрделі әрі қауіпті жағдайларда алғашқылардың бірі болып әрекетке кірісіп, батылдық пен темірдей төзімділік, мінсіз дайындық үлгісін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған бірқатар қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар облыстық полиция бастығы арнайы бөлімшенің материалдық-техникалық әлеуетімен де танысып, қару-жарақ, арнайы техника және жеке құрамның жабдықталу деңгейін қарап шықты. Ол күштік құрылымдардың үздіксіз жауынгерлік әзірлігі мен заманауи жабдықталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Ол заман талабына сай жабдықталу мен жоғары дайындықтың — күштік құрылымдардың басты кепілі екенін атап өтті.
– “Арлан” жауынгерлері әрдайым алғы шепте – ұйымдасқан қылмыспен күресте, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың жолын кесуде және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда. Сіздер – қазақстандық полицияның элитасысыздар. Өңірдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтаудағы еңбектеріңізді ештеңемен салыстыруға болмайды. Қызметтеріңізге сәттілік, мықты денсаулық және жаңа табыстар тілеймін, – деді Мейрам Әбікеев.
Кездесу соңында ол жауынгерлерге Отан игілігі жолындағы қызметтеріне табыс, мықты денсаулық пен жаңа жетістіктер тіледі.