Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облыстық ПД бастығы азаматтарды қабылдады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті апталық азаматтарды қабылдау шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір тұрғындары жеке мәселелері мен ұсыныстарын жеткізіп, сұрақтарын тікелей жолдау мүмкіндігіне ие болды. Барлық өтініш ведомство басшысының жеке бақылауында. Облыстың бас полицейі атап өткендей, халықпен шынайы диалог орнату, ашықтық және өзара ынтымақтастыққа дайын болу – құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтудың басты қағидаттары.

– Бүгінгі қабылдаудың ерекшелігі – азаматтар арасында алғыс білдірген де болды. Ол күрделі өмірлік жағдайда кәсіби көмек көрсеткен тергеушіге рақмет айтты. Бұл – полиция қызметкерлерінің адамгершілігі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы халық тарапынан жоғары бағаланатынының тағы бір дәлелі, – деді Мейрам Әбікеев.

Мұндай кездесулер халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға, көмек көрсетуге және полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру