Алматы облыстық ПД бастығы ІІО ардагерлерін мерекемен құттықтады
Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев жеке құраммен бірге өңірдің қарияларын, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке аясында полиция қызметкерлері жылы жүздесу ұйымдастырып, қонақтарға шағын дастарқан мен концерттік бағдарлама әзірледі. Ардагерлерге естелік сыйлықтар, алғыс хаттар мен полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапаттау қағаздары табыс етілді.
Іс-шараға Алматы облысы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері де қатысып, аға буынға құрмет пен алғыстарын жеткізді. Мерекелік атмосфера қатысушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтар полиция тарапынан көрсетілген ілтипат пен қамқорлықты атап өтіп, мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және аға буынға деген құрметті сақтауға ықпал ететінін жеткізді. Осындай іс-шаралар ведомствоның барлық аудандық және қалалық бөлімшесінде өткізілді.